{metadescription}
Алматының лас ауасы ДДСҰ нормасынан алты есеге асып кеткен
Алматының лас ауасы ДДСҰ нормасынан алты есеге асып кеткен

Алматының лас ауасы ДДСҰ нормасынан алты есеге асып кеткен

Алматының ауасы қатты ластанып барады. Зерттеу қорытындысы бойынша, атмосферадағы зиянды заттар көлемі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен нормадан алты есеге асып кеткен. Ал жылыту маусымында бұл көрсеткіш тағы екі есе артады дейді мамандар.

Сарапшылардың айтуынша, өнеркәсіп орындары мен қаптаған көлік те атмосфераға кері әсер етуде әрі жүйесіз құрылыстың кесірінен қалада самал жел соқпайды. Көмір жағатын жеке үйлері көп Түрксіб ауданы Алматыдағы ауасы ең лас аумақ екені анықталған. Салыстырсақ, Бостандық ауданының тұрғындары әлдеқайда таза ауамен тыныстайды. Ауа сапасының нашарлауы тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан қазір әрбір төртінші алматылық өзге өңірге қоныс аударғысы келеді.

Равкат Мұхтаров, Almaty Air Iniative қорының зерттеу техникалық бөлімінің жетекшісі:

Ауаның ластануынан, бірінші кезекте, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер мен қарт адамдар зардап шегеді. Көшеде көп жүретін курьерлер мен далада спортпен айналысатын адамдар да жоғары қауіп тобында. Үнемі лас ауамен тыныстау өкпе және жүрек-қан тамыр ауруларына әкелуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде