{metadescription}
Жұрт 10 жыл бұрын түскен суреттерін жариялап жатыр — тренд
Жұрт 10 жыл бұрын түскен суреттерін жариялап жатыр — тренд

Жұрт 10 жыл бұрын түскен суреттерін жариялап жатыр — тренд

Желіде жаңа тренд. Жұрт 10 жыл бұрынғы суреттерін жарыса жариялауда. 2016 жылға арналған тренд тек Қазақстан емес, бүкіл әлем бойынша тарап жатыр. Көштен қалмай, өткен уақытты сағынышпен еске алып жатқандар қатарында жасы та, кәрісі де бар.

Асылзат Сатыбалды:

Мен әлеуметтік желіде тараған 2016 жылғы трендке қатыстым. Бір жағынан маған қызық болды, он жыл ішінде қалай өзгердім екен деген ой келді. Фотоларға келетін болсақ, қосымша қолданған екенмін, оның тиімділігі қатты ұнайтын.

Желі қолданушыларының бірі оқушы кезін еске алса, енді бірі студент шағына саяхат жасауда. Инстаграмның өзінде 2016 деген хештегпен 38 миллионнан аса жазба жарияланған. Жұрт сол кездегі суреттерімен қоса, хит әндерді де еске алып жатыр. Тренд қуғандардың пікірінше, 2016 жылы контент шынайы болған. Бұл трендтен отандық жұлдыздар мен блогерлер де қалыс қалмады. Олар дәл осындай челленж көп қаралым жинайтынын айтады.

Ақерке Серікжан, блогер:

Жалпы, тренд, менің ойымша, бір адамның ойлап табатын нәрсесі. Ал оны ары қарай алып кететін — қоғам. Қазіргі уақытта трендттер жетіспеушіліктерден пайда болады . 2016 жылғы тренд туралы айтсақ, ол да бізде жетіспеушілік. Қазіргі уақытта, 2026 жыл, бізде ондай вайб жоқ және де сол вайбты еске алу үшін блогерлер немесе белгілі бір адамдар сол уақыттағы сәттерімен бөліскісі келеді. Блогерлер үшін, тренд бізге көп оқырман алып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.