{metadescription}
Алматыда жекеменшік мектеп қаржыландырылмай, оқушылар мәжбүрлі демалысқа жіберілген
Алматыда жекеменшік мектеп қаржыландырылмай, оқушылар мәжбүрлі демалысқа жіберілген

Алматыда жекеменшік мектеп қаржыландырылмай, оқушылар мәжбүрлі демалысқа жіберілген

Алматыда ерекше білімді қажет ететін балалар тығырыққа тірелді. Жекеменшік мектепте оқитын жүздеген оқушы мәжбүрлі түрде жоспардан тыс демалысқа жіберілген. Себебі: білім ордасына мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы тоқтатылған. Солайша оқу орны жабылып, енді ата-аналар баламыз білім алу мүмкіндігінен айырылды деп алаңдап отыр. Ал шенеуніктер қаржыландырудың тоқтауына мектеп ғимаратының құжаттары себеп болғанын айтады.

Әсемгүл Сұлтанова, ата-ана:

Қызым сөйлей алмайтын, жаза алмайтын, досы да жоқ, Қазір осы мектепке келе, оның досы пайда болды. Әріп те оқимыз, өзіміз отырып жұмыс та істей аламыз. Мен ана ретінде Үкіметтен сұраймын, осы біздің мектепті қаржыландырса екен.

«Академия педагога» жекеменшік мектебінде 245 ерекше бала білім алады. Мектеп әкімшілігі мен ата-аналардың айтуынша, осы уақытқа дейін білім ордасы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қаржыландырылып келген. Алайда қаңтарда бұл қаржы тоқтатылыпты. Соның салдарынан мұндағы 50 мұғалім де жұмыссыз қалған. Білім басқармасының мәліметінше, мектеп жеке тұрғын үй ретінде тіркелген ғимаратта орналасқан. Ал мемлекеттік тапсырыс алу үшін нысанның мақсаты білім беру қызметіне сәйкес болуы тиіс. Енді құжаттар талапқа сай рәсімделген жағдайда ғана оқу орны қайтадан қаржыландыру конкурсына қатыса алады. Ал ата-аналар мен мектеп ұжымы жер телімінің нысаналы мақсаты өзгертілгенге дейін оқуын тоқтатпай, балаларға білім беруді жалғастыруға мүмкіндік сұрап отыр.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі:

Мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін жекеменшік мектеп орналасқан ғимараттың нысаналы мақсаты білім беру қызметіне сәйкес болуы тиіс. Осыған байланысты «Академия педагога» жекеменшік мектебі қолданыстағы заңнамаға қайшы келетінін хабарлаймыз. Қазір қаладағы 216 мектепте инклюзив білім беру енгізілген. Сондай-ақ ерекше балаларға арналған 8 арнайы оқу орны жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда бұл мекемелер ерекше балалардың білім алуына мүмкіндік бере алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде