{metadescription}
Петропавл: 58 жастағы әйел бірге тұрып жатқан еркекті пультпен ұрып өлтірді
Петропавл: 58 жастағы әйел бірге тұрып жатқан еркекті пультпен ұрып өлтірді

Петропавл: 58 жастағы әйел бірге тұрып жатқан еркекті пультпен ұрып өлтірді

Петропавлда 58 жастағы әйел бірге тұрған ер адамын теледидар пультімен ұрып өлтірді. Қазір күдікті қамауда отыр.

Марқұм еркек әйелден алты жас кіші болған. Олар заңды некеге тұрмаған. Кешке екеуі дастарқан басында ішімдік ішкен. Масайған кезде ер адамның ашуы келіп әйеліне тиіседі. Жұдырығын ала жүгірген сәтте әйел қолына теледидар пультін алып, оны қақ шекеден қойып қалған. Басынан соққы алған 52 жастағы Петропавл тұрғының жағдайы ертесінде нашарлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оған ауыр бас жарақаты диагнозын қойған. Он күн емделгенімен, жағдайы түзелмей, ақыры алған соққыдан көз жұмды. Қазір күдікті қамауда.

Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметінің маманы:

Полиция Петропавл қаласының 52 жастағы тұрғынының өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейін тергеп-тексеріп жатыр. Оқиға қаланың жеке тұрғын үйінде болған. Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.