{metadescription}
Рахат Тұрлыхановтың отбасындағы жанжалға қатысты іс тоқтатылды
Рахат Тұрлыхановтың отбасындағы жанжалға қатысты іс тоқтатылды

Рахат Тұрлыхановтың отбасындағы жанжалға қатысты іс тоқтатылды

Әнші Рахат Тұрлыханов отбасындағы жанжалдан кейін полиция бөліміне жеткізілді. Бұл жолы да әйелі күйеуінің өзіне қол көтергені туралы шағымданған. Әншіге қатысты үшінші әкімшілік іс сотта қаралмақ. Егер кінәсі дәлелденсе, ол бес күнге қамауға алынуы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Бастапқы арызында үйеуінің ұрып‑соққаны туралы дәйек айтқан. Содан кейін тек ауызекі ұрыс болды деп, отбасында жанжал болды деп, өз арызынан бас тартты. Қазір Әкімшілік кодекстің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары шешім шығару үшін жөнелтіледі.

Тұрлыхановтың әйелі полицияға «күйеуім қол көтерді» деп жүгінген. Алайда кейін «арамызда тек жанжал болды» деп, өз сөзін жоққа шығарыпты.

Айта кетейік, әнші полиция бөліміне осымен үшінші рет жеткізіліп отыр. Тіпті келіншегіне дене жарақатын келтіргені үшін 10 тәулікке қамауға алынған болатын. Ол кезде де ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде видео жариялап, әйелдің істі тоқтатуды сұрағаны есте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.