{metadescription}
Павлодар: 71 жастағы әжей ұрымен арпалысып, ақыры ұры қашып кеткен
Павлодар: 71 жастағы әжей ұрымен арпалысып, ақыры ұры қашып кеткен

Павлодар: 71 жастағы әжей ұрымен арпалысып, ақыры ұры қашып кеткен

Павлодарда 71 жастағы өжет әжей өзін тонауға жол бермеді. Кейуана қолындағы затын соңына дейін қорғапты. Оқиға көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде болған.

Әккі ұры зейнеткерді көкөніс дүңгіршегінен азық-түлік сатып алып жатқан жерінен байқап, үйіне дейін аңдыған. Лифт күтіп тұрғанда екеуі қысқаша тілдесіпті. Оқиға подьездегі бақылау камерасына жазылған. Видеодан лифт келгенде ер адамның алдымен әйелді өткізіп, артынан кіргені байқалады. Кейін ұры бірден зейнеткердің қолындағы азық-түлік салынған пакеттері мен әмиянын жұлып алуға тырысыпты. Пакетіне мықтап жармасқан қария оңайлықпен берілмеді. Тіпті соқталдай жігіт оны баспалдақтан есікке дейін сүйресе де, зейнеткердің қолынан сөмкесін ала алмай, ақыры қашып кеткен. Қария еш жарақат алмаған, жағдайы жақсы. Ал полиция ұрыны қамауға алды.

Әділ Шахманов, Павлодар облысы ПД КПБ аға жедел уәкілі:

Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел қызметкерлер күдіктінің қашу бағытын бақылау камераларынан қарап зерделеді. Нәтижесінде бұрын сотты болған Екібастұз қаласының тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.