{metadescription}
Биыл қыздардың мазасын алған 46 сталкер абақтыға қамалды
Биыл қыздардың мазасын алған 46 сталкер абақтыға қамалды

Биыл қыздардың мазасын алған 46 сталкер абақтыға қамалды

Жыл басынан бері қыздардың қыр соңынан қалмай мазасын қашырған 46 сталкер абақтыға қамалған. Бас прокуратура заң қабылданып, ереже қатаңдатылғалы, сотқа жүгінетін адам саны көбейгенін айтады.

Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов кісі қолынан қаза тапқан шымкенттік Нұрай Серікбайдың қылмыстық ісіне қатысты да тоқталды. Қазір қажет сараптамалар жасалып, тиісті қорытындысы әзірленіп жатыр. Содан кейін ғана сәуірдің аяғына дейін іс материалдары сотқа жөнелтіледі. Күдікті Шерхан Аймаханның ақыл-есінде ауытқуы бар екенін анықталып, арнайы диспансерге жіберілген. Бірақ емдеу шаралары аяқталғаннан соң, сараптама қорытындысы негізінде уақытша тергеу изоляторына қайтарылады дейді бас прокурордың орынбасары.

Ерлан Өтегенов, ҚР Бас прокурордың орынбасары:

Сараптама жасалған соң бір ай ішінде іс сотқа жіберіледі. Күдікті жауапқа тартылады. Бұл жөнінен еш күмән болмауы қажет. Ал сараптамаға келетін болсақ, бұл аса ауыр қылмыс істеген қылмыскерлерге жасалатын сараптаманың міндетті бір түрі. Тергеушінің қолында оның қорытындысы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.