Петропавл: Арнайы комиссия Есілде қырылған балықты тексеріп жатыр
Петропавлда Есіл өзенінде балықтар жаппай қырылып қалған. Су жануарының өлекселерін балықшылар саяжай маңынан тауыпты. Балықшылардың жиі келетін орынды қазір арнайы комиссия тексеріп жатыр.
Автор: Айгүл Өзекова
03.04.2026
Петропавл қаласының шетінде орналасқан Есіл өзенінің ескі арнасында тұқы тұқымдас балықтар мен шортандар қырылған. Өлі балықтар су айдынының ең тайыз жерінің бірінен, саяжай қоғамына баратын жолдың маңынан табылды. Балықтар мұздың қалың қабатында тірідей қатып қалған. Істің себебін анықтау үшін оқиға орнына балық шаруашылығы мамандары мен ветеринарлардан құралған арнайы жұмыс тобы келіп, қажетті сынама алды.
Алдын ала болжам бойынша, балықтың жаппай қырылуына қыстың аяз болуы себеп. Яғни өзеннің осынау тұсы түбіне дейін қатып қалған. Сондай-ақ балықтар оттегі жетіспеуінен де қырылуы мүмкін.
Елдар Кәкімов, «Есіл өңіраралық бассейн, балық шаруашылығы инспекциясы” РММ бөлім басшысы:
— Жұмыс тобы су сынамасын, ветеринария балық өлексе үлгісін алды. Қыста мұзқалыңдығы бір метрден асты, ал бұл жерде су онша терең емес. Су айдыны пайдаланушыға бекітілген, балық шаруашылығы субъектісіне онда қырылған бар балықты жою ұсынылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары