{metadescription}
«30 мың теңге айыппұл». Көктем келсе де, мұз адамды көтере алмай опырылып жатыр
«30 мың теңге айыппұл». Көктем келсе де, мұз адамды көтере алмай опырылып жатыр

«30 мың теңге айыппұл». Көктем келсе де, мұз адамды көтере алмай опырылып жатыр

Көктем келісімен құтқарушылардың да су бетіндегі кезекшілігі көбейді. Әсіресе күн жылынып, көк мұз еритін кезең өте қауіпті. Өйткені биыл мұз жарылып, сегіз адам ажал құшқан. Мамандар ескертуді елемеген тағы 40 адамды құтқарып үлгеріпті. Арасында өзіне қол жұмсағысы келгендер де бар.

Көктем келді деп марқайып, жағаны жайлауға жіберуге әлі ерте. Сырттай қалың көрінген көк мұз адам салмағын көтере алмай опырылып түсуі әбден мүмкін.

Магомед Ахриев, ҚР Төтенше жағдайды жою департаменті басқармасының басшысы:

Осы жұқа мұздың үстінде сегіз адам қаза тапты, шамамен бірінші қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін. 40 адамды құтқардық, оның 15-і бала. Қазір оңтүстік өңірлерден басқа барлық жерде мұз әлі бар. Көбіне ол борпылдақ, жұқа мұз.

Есілдің жағасын ен жайлаған тұрғындардың қауіпсіздігін осындай құтқарушы қайықтар қарашадан сәуірге тәулік бойы бақылайды. Мұз үстінедегі жазатайым жағдайлардың алдын алуға төтеншеліктер тас-түйін дайынбыз дейді. Мамандар кезек-кезегімен заманауи аэроқайықтар, катерлер және арнайы авариялық-құтқару техникаларын мініп, өзен көлдің айналасын шолуға шығады.

Айбек Тапаш, Астана қаласы, ТЖД қызметкері:

Астана қаласы бойынша ұзындығы 18 км құрайтын Есіл өзеннің жағалауында пfтруль ұйымдастырылған. Оған біздің ТЖД 20 жеке құрам және үш техника, айта кететін болсақ, екі квадроцикл, бір аэроқайық. Былтыр Есіл өзенінің бойында өзіне қол жұмсаған үш адам тіркелген. Сол кезде бұл қайық бізге қажет екенін көрсетті.

Есіл өзенінің жағасында өткен төтеншеліктердің кезекті көшпелі брифингінге тұрғындарға маңызды ескерту жасалды. Ата-аналарды су жағасында жүргенде мазасыз бүлдіршіндерін назарсыз қалдырмауға шақырды.

Айта кетейік, мұз бетіне шығып, қызық қуғандарға 30 мың теңгеден аса айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.