Жетісу облысы: Суықсайда ер адам көрші әйелді күрекпен аяусыз соққан
Жетісу облысында ер адам көршісін күрекпен аяусыз соққан. Жаға ұстатар жайт бір ай бұрын Ақсу ауданына қарасты Суықсай ауылында болыпты.
Автор: Ақтоты Жұмабек
10.04.2026
Гүлмира Қыстаубаева, жәбірленуші:
— Қар күрейтін күрекпен өлімші етіп сабады. Еш себепсіз. Сол жағдайды менің кәмелетке толмаған екі қызым көрген. Жерде қансырап жатқан денемді көріп, бұлар көмекке шақырған. Ол кісілер келіп көмек беріп, содан мені Ақсу аудандық орталық ауруханасына жеткізді. Ол жерде маған дәрігерлердің бәрі көмек көрсетіп сонда емделдім.
Желіде тараған сурет пен видеодан әйелдің денесінің көк ала қойдай болғанын көруге болады. Қолы сынып, саусақтары тігілген. Басынан жарақат алған. Ол ауруханада емделіп шыққан.
Дау ер адамның әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізіп, дөрекілік көрсетуінен басталған. Себебін түсіндіруді талап еткен әйелді, жұдырығы жуан көрші тепкінің астына алып, қолындағы күрекпен сабаған.
Полиция денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Жанар Қалықова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі
— Полиция қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты толық және обьективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары