«Жұбайын құттықтау». Депутат Дәулет Мұқаевтың әрекеті тәртіп кеңесіне салына ма?
Даудың басы — Дәулеттің көк папкасы. Әйелінің «гештальтын» жабамын деп, жұбайын парламент атынан туған күнімен құттықтаған Дәулет Мұқаевтың әрекетін депутат этикасына қайшы емес дейді. Айтуынша, бұл — Мәжілістің ресми бланкінде толтырылған құттықтау емес.
Автор: Айжан Шамшидин
13.05.2026
Дәулет Мұқаев, Мәжіліс депутаты:
— Бұл ешқандайда ресми құттықтау емес. Мен өзім көріп қалдым, әлеуметтік желіде тақырыптар Парламент атынан құттықтады деп тақырып қойып жатыр ғой. Сіздер білесіздер, осы Парламент қабырғасында жүрген әр әріптесіміздің қолында ақ папка, көк папка бар. Көк папка ол менің қолымда да жүр, өз құжаттарымыздың және мен не істедім?! Өзім дизайнын жасаттым, жаздым, басып шығардым, 5000 теңгесін төледім де, осы көк қағазбен құттықтадым.
Мұқаев бүгін Мәжіліске әбден дайындалып кепті. Отырысқа көзілдірік, камерамен келіп, сұрақтың астына алған журналистерді түсіргенін, тіпті парақшасына салған. «Түймедейді түйедей еттіңіздер» деп, тілшілерге ренжіген мәжілісмен - құттықтаудың екі-үш күн бұрын емес, 5 мамырда өтіп кеткенін айтып ақталды. Балалардың «тұсауын кескіш» тақиялы депутаттың енді осы әрекеті үшін тәртіп кеңесіне салынары-салынбасы белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары