Тұрғын үй мен көлік арзандай ма? Ұлттық экономика министрінің пікірі
Тұрғын үй мен көлік бағасы арзандауы мүмкін бе? Әлеуметтік желіде тараған осындай ақпаратқа қатысты Ұлттық экономика министрі пікір білдірді. Серік Жұманғариннің өзі мұндай болжамдарға күмәнмен қарайды екен.
Автор: Әсел Ерболқызы
13.05.2026
Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрі:
— Білмеймін, ондайды естіген жоқпын. Қазір бірдеменің арзандауы дегенге күмәнмен қараймын. Қымбаттамаса, соған да рақмет. Бірақ қымбаттауға қазір ешқандай алғышарт жоқ, қазіргі уақытта, үйлердің қымбаттауына.
Ұлттық экономика министрі тұрғын үй мен көлік бағасы бірден төмендей қоймайды деген пікірде. Көтеріле қоюы да екіталай. Өйткені сұраныс төмендеген.
Сарапшылар да Астана мен Алматыдағы пәтер бағасы теңесіп келеді деп отыр. Бұған дейін дейін ең қымбат тұрғын үй тек Алматыда сатылатын. Енді тіпті елорданың жаңа аудандарындағы пәтер құны Алматыдағы ескі үйлердің бағасынан асып түсуі мүмкін деп болжайды мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары