{metadescription}
Өлексе тастайтын орынға адам жерлей бастаған кәсіпкерді тексермек — Тараз
Өлексе тастайтын орынға адам жерлей бастаған кәсіпкерді тексермек — Тараз

Өлексе тастайтын орынға адам жерлей бастаған кәсіпкерді тексермек — Тараз

Таразда мал өлексесін тастайтын орынның маңы адам жерлейтін қорымға айналып барады. Осылай деп дабыл қаққан жергілікті Мәслихат дапутаттары биотермия қалдықтарынан қауіпті ауру тарай ма деп алаңдайды. Олар жерлеу рәсімімен айналысатын Серіктестік бұл жерді сұраусыз пайдаланып отыр дейді. Енді ауылдың өлексе тастайтын орнына ауыз сала бастаған кәсіпкердің әрекетін арнайы комиссия қарамақ.

Жерлеуге жер жетпей, марқұмдарды өлексе тастайтын орынның маңына қоя бастағанын алғаш рет қоғам белсенділері байқаған. Олар биотермия қалдықтарының айналасын қорым басып бара жатқанын айтады. Халық қалаулылары бұл бассыздық одан әрі жалғаса берсе, жер астындағы қалдықтардан індет тарауы мүмкін деп алаңдайды.

Жанар Бүркітбаева, Жамбыл облысы Мәслихатының депутаты:

Негізі заң бойынша, биотермиялық қалдықтар тастайтын орыннан бір шақырым жер тазалық аумағы саналады. Бұл жерде ешқандай нысан болмауы тиіс. Ал мұндағы ара қашықтық 100 метрге де жетпейді. Мұндай нысандар қауіптіліктің бірінші деңгейіне жататындықтан, бұл мәселені жан-жақты қарап, шешу керек.

Өлексе тастайтын орынның қауіпті екенін ветеринар мамандар да ескертіп отыр. Ондағы қалдықтар жоғары температураға дейін қызып, содан кейін шіри бастайды. Ереже бойынша, бұл маңға мал жаюға да болмайды. Адамдардың жүруіне тіпті рұқсат етілмеген. Ал қалдықтарды тек арнайы киім киген мамандар тастауы керек.

Талғат Қожабергенов, Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

Кейін соғылған зираттар 2025 жылдың аяғынан басталды. Оны құзырлы оргондар анықтайды. Кімнің балансында, кім рұқсат бергенін анықтайды.

«Тектұрмас әулие» тарихи кешеніне жақын маңдағы қорым бұған дейін пайдаланып келген өлексе тастау орнын өз бетінше жаулап алған көренеді. Ал жерлеу рәсімін өткізетін Серіктестік басшысы бұл жерлерді пайдалануға рұқсат алуды енді бастаймыз деп отыр. Алайда тиісті құжатты құнттамайынша, отызға жуық марқұмды жерлеп үлгерген.

Қадырхан Абдуллаев, «Мамандандырылған жерлеу рәсімі» ЖШС директоры:

Байқасаңыздар, ол жерде де ескі зираттар бар. Біз тұрғындардың сұрауымен ол жерді қазіп рәсімдеуге дайындадық. Алдағы уақытта әкімдіктен рұқсат алу үшін хат жазбақпыз. Ал мал өлексесін тастайтын жаңа орынды біздің қорымға жақындатып жібергенін түсінбедік. Бізден неге рұқсат алмаған?

Қала әкімдігі бұл мәселені шешу үшін арнайы жұмыс тобын құрамыз деп отыр. Олар биотермия қалдықтарын төгетін аумаққа қалайша адамдар жерленіп жатқанын анықтауға кіріседі. Енді жеке кәсіпкердің жерді өз бетінше пайдаланғаны анықталса, онда қомақты айыппұл салынуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.