{metadescription}
Таразда экологтар химия зауыты ауаға қалдықтарды жіберген деп отыр
Таразда экологтар химия зауыты ауаға қалдықтарды жіберген деп отыр

Таразда экологтар химия зауыты ауаға қалдықтарды жіберген деп отыр

Тараз тұрғындары бірнеше күннен бері ауаның ластанып, демалу мүмкін болмай жатқанын айтып дабыл қағып отыр. Таңғы уақытта қаланы жайлайтын түтін жұртты шошытқан.

Қолқаны қапқан өткір иіс бүгін де таңға жуық қалаға тараған. Тұрғындар тұман тәрізді түтіннен басы айналып, жөтел қысатынын айтады. Ауа сапасына зерттеу жүргізуге келген эколог мамандар жақын маңдағы химия зауыты қалдықтарды жіберген деп отыр. Енді олар химиялық қалдықтар қоршаған ортаға қаншшалықты әсер еткенін есептеуге кірісіпті. Қазір ауадан сынамалар алынып зертханаға жіберілді.

Айта кетейік, Тараз қаласына іргелес орналасқан Минералды тыңайтқыштар зауыты былтыр экологияға келтірген зияны үшін 10 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелген болатын.

Нұржас Нұрболат Жамбыл облысы экология департаментінің басшысы:

Атмосферада ауаға сынамалар жүргізілді. Департамент 26 сәуір 18 мамыр аралығында тексеру жүргізілуде. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат хабарланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде