{metadescription}
«Су ағызу жүйесі жоқ». Алматы: Ерменсайда үйлердің ауласы су астында қалды 
«Су ағызу жүйесі жоқ». Алматы: Ерменсайда үйлердің ауласы су астында қалды 

«Су ағызу жүйесі жоқ». Алматы: Ерменсайда үйлердің ауласы су астында қалды 

Алматыда толассыз жаңбырдан жер үйлерді су басты. Ерменсай ықшамауданындағы оннан аса үйдің ауласы қызыл судың астында қалған. Жауын суы кейбір үйдің ішіне дейін кіріпті. Жұрт жаңбыр жауған сайын осындай жағдай қайталанады деп дабыл қағуда. Бұған тура іргеден құрылыс жүргізіп жатқан мердігерді кінәләйді.

Ерменсайдағы коттедж қалашығының тұрғындары жаңбыр жауса, жанын шүберекке түйіп отырады. Өйткені мұнда су басу қаупі жоғары. Соңғы жауын-шашыннан оннан аса үйдің ауласы қызыл судың астында қалды.Кейбір тұрғынның үйінің іші малмандай су болған.

Алан Оразалинов:

Алдыңғы күні қатты жаңбыр жауып, таңғы 5-те оянып кеттім. Төтенше жағдайлар қызметінің көлігі келіп, суды сорып жатыр екен. Мұнда су ағызу жүйесі жоқ, оны осы жерді салған құрылыс компаниясы қарастырмаған. Біз бұны бірнеше рет айттық, бірақ ешкім елемеді.

Жауын суы үйінің ішіне кірген тұрғындар жыларман күйде. Өйткені баспаналарының қабырғасы ылғалданып, жиһаздары бүлінген.

Мұрат Қайдаров:

Біз сол күні түнде Астанадан келдік. Түнгі үш шамасында үйге келе сала, сұмдық жағдайды көрдік. Ауладағы су тізеге дейін жетті. Газон, ағаштар бәрі бүлінген. Іштегі жиһаз, қабырғалар, бәрі зақымданды. Мұның бәріне қасымыздан салынып жатқан нысан себеп.

Тұрғындар айтып отырған құрылыс нысаны аумағында арық қарастырылмаған. Нысанның іргетасы биік орналасқандықтан, әр жауын-шашыннан кейін су төмен орналасқан тұрғын үйлерге қарай ағады. Соның салдарынан ауланы су басып, жер ми батпаққа айналған.

Көпқабатты тұрғын үй құрылысының басталғанына биыл үшінші жыл. Содан бері тұрғындардан маза қашқан. Компания өкілдері бүгін көпшілікпен кездескенімен, мәселені қалай шешетінін нақты айтқан жоқ. Тілшілермен тілдесуге де құлық танытпады. Ал әкімдік өкілдері бұл жағдайға қатысты былай дейді:

Ұлан Құттымбетов, Бостандық ауданы әкімдігі аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

Baganashil hills коттедждер қалашығының құрылыс аумағынан лай су ағып, аталған жер үйлерді су басуына әсер етті деп айтуға болады. Қазір құрылыс жүргізіп жатқандармен түсіндіру жүргізілді. Олар осы мамыр айында қалашықтың ауласын көріктендіруді жоспарлаған. Шамамен енді мамыр, маусым айларында арық желісін саламыз деген ақпарат жеткізді.

Енді тұрғындар сол арық жүйесінің тезірек салынуын талап етіп отыр. Ал бүлінген мүлкінің өтемақысын өндіру үшін сотқа жүгінуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.