{metadescription}
Ақтөбе облысы: Шеңберталда жауған бұршақ 59 үй, 33 құрылыс, 6 автокөлікті зақымдаған
Ақтөбе облысы: Шеңберталда жауған бұршақ 59 үй, 33 құрылыс, 6 автокөлікті зақымдаған

Ақтөбе облысы: Шеңберталда жауған бұршақ 59 үй, 33 құрылыс, 6 автокөлікті зақымдаған

Ақтөбе облысында бұршақтан кейінгі шығын көлемі белгілі болды. Ырғыз ауданына қарасты Шеңбертал ауылында 59 тұрғын үй, 33 шаруашылық құрылысы және алты автокөлік зақымданған. Көлемі жұмыртқадай мұз кесектері шатырды тесіп, терезе сындырып, тұрғындардың мүлкін қиратып кеткен.

Осыдан бес күн бұрын Ырғыз ауданына көлемі тауықтың жұмыртқасынан үлкен бұршақ жауған еді. Жарма ауылында бұршақпен қатар дауыл тұрып сегіз электр бағанасын құлатып, елдімекен бір тәулік бойы жарықсыз отырды. Ең көп зардап шеккен — Шеңбертал ауылы. Кесек мұздар үй шатыры мен көліктердің әйнегінен дым қалдырмаған. Артынша әкімдік пен төтенше жағдайлар бөлімі өкілдерінен құрылған комиссия барып, үйді-үйді аралап, шығынды анықтауға кіріскен. Қазір бүлінген мүліктің санын шығарып қойды. Енді шенеуніктер бұл жағдайдың төтенше жағдай мәртебесіне сәйкестігін анықтауы тиіс. Тексеру аяқталғаннан кейін билік зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу немесе өзге де көмек көрсету мәселесін қарастыруға уәде берді.

Нұрберген Бекеев, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары:

Бүгінде қолданыстағы заңнама аясында төтенше жағдайдың деңгейін анықтау мақсатында әрбір зақым келген тұрғын үй мен мүлікке жеке зерделеу және актілеу жүргізілуде. Нәтижесі бойынша зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу немесе басқалай көмек көрсету қарастырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.