«Жангелдин ауылындағы трагедия». Сотта Сәрсемәлиевтің көзге шөп салуы түрткі болғаны айтылды
Жангелдин трагедиясы бойынша сот жалғасып жатыр. Бүгін марқұмдарға медициналық сараптама жасаған сарапшы сот алдында жауап берді. Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиевтің қолынан мерт болған Наурыз Мұқанғалиевтің басы мен денесі бөлек жатқаны айтылған еді. Бұл қылмыстың істі ашу барысында күмән туғызды. Сотта сарапшыға осыған қатысты сұрақтар қойылды.
Автор: Жанат Молдашова
18.06.2026
Сарапшы мәйіттің ұзақ жатып шірігеннен көп жарақат анықталмағаны және бөлек қазып алып жатқанда да бөлініп кетуі мүмкін екенін айтты. Өйткені Наурыз Мұқанғалиевтың денесі он айдан кейін ғана табылып, медициналық сараптама жасалған. Сотталушы мен адвокатының осыған қатысты сұрақтары көп болды. Олар Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет пышақтағанына келіспей отыр. Алайда сарапшы 30-ға шуық пышақ іздерінің барын, оның өзі мәйіттердің денесіне 15 см-ге дейінгі терең кіргенін айтты.
Жәбірленуші тарап сотталушыдан 70 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етті. «Бүкіл ағайын-туыс қайғы шекті, жан азабын тартып жүр» деген марқұм үй иесінің қарындасы қандықол күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиевтің сот процесі кезіндегі жауаптарының «бәрі жалған» деді. Яғни марқұм Мақсот Қарабалиннің қызын алып кетуіне, Сәрсемәлиевтің көзге шөп салуы түрткі болған.
Әдемі Шілмағанбетова, марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы:
— Әкесі келіп алып кетті деп отыр ғой. Ол жерде әкесі алып кетейін деп алып кеткен жоқ. Ақбаян хабарласып: «осындай жағдай болып жатыр, телефонмен біреу жіберді, біреумен жүрген, жатқан жерінен ұстап алдым деген. Мен тұра алмаймын ондай адаммен деп, сөйтіп айтқаннан кейін ғана әкесі келіп араласты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары