{metadescription}
Ақтөбе: Мектепте сатыдан құлаған аутист баланың арызына қатысты тексеру басталды
Ақтөбе: Мектепте сатыдан құлаған аутист баланың арызына қатысты тексеру басталды

Ақтөбе: Мектепте сатыдан құлаған аутист баланың арызына қатысты тексеру басталды

Ақтөбеде ерекше баланың ата-анасы жемеменшік мектеп өкілдерін жазаға тартуды талап етіп отыр. Себебі аутизм дертімен ауыратын бес жасар ұлын қатарласы сатыдан итеріп жіберген. Дімкәс бүлдіршінді қараусыз қалдырғандарға қатысты арызды алғашқыда тәртіп сақшылары қабылдамай қойды, дейді ата-анасы.

Серік Нағиев:

Талабымыз кім қараған жоқ, солар жауап берсін, жазалансын! Баламның мінез-құлқы өзгеріп кетті. Қорқынышы басым, есін жинай алмай қалатын болды.

Бұл оқиға «Мозаика» атты мектепте болған. Үзіліс кезінде ойнап жүрген ерекше балалардың бірі Әлиді итеріп жіберіп, баспалдақтан құлатыпты. Бейнебақылау камерасына түскен таспаны білім ошағының басшылығынан «әрең алдық» дейді. Сатыдан құлаған ұл аутизм дертімен ауырады. Басынан, иығы мен арқасынан жарақат алған. Көзге көрінетін жарақатына қарамастан, мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған көрінеді, ата-анасына да хабар бермепті. Анасы тек мектептен алып кетуге келгенде бір-ақ біледі. Шошынған Әли күні бойы жылап, қолдан түспейді, дейді үйіндегілер. Онымен қоса, кіші дәретін жіберіп қоятын болған, бұрынғыдай көзге қарамай, қорқып отыратын көрінеді. Тәртіп сақшыларына шағымдана барғанда, «бала аман» деп, арыз қабылдаудан алғашқыда бас тартты деп ашынады ата-анасы. Ал полиция департаментіндегілер тексеру жүріп жатқанын айтады.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бейнебақылау камераларындағы жазба алынып, зерделеніп жатыр. Сондай-ақ тексеру жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша, білім басқармасына өз құзыреті шегінде тиісті шара қабылдау үшін ұсыныс жолданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.