{metadescription}
«Ішімдік пен қызғаныш». Атырауда әйелін пышақтап өлтірген зейнеткер сотталды
«Ішімдік пен қызғаныш». Атырауда әйелін пышақтап өлтірген зейнеткер сотталды

«Ішімдік пен қызғаныш». Атырауда әйелін пышақтап өлтірген зейнеткер сотталды

Атырауда өз жарын пышақтап өлтірген зейнеткерге сот үкімі шықты. 63 жастағы тұрғын 58 жастағы әйелін өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал пайғамбар жасындағы еркектің қанды қылмысқа баруына ішімдік пен қызғаныш себеп болған.

Отбасында кезекті жанжалдан кейін әйелі қызының бөлмесіне барып жатып қалады. Бірақ араққа сылқия тойған күйеуі түнгі екіде қолына пышақ алып, әйелін тарпа бас салған. 12 жастағы қызының көзінше 11 мәрте пышақ ұрып, қызының шыңғырып тоқтатқанына қарамапты. Мектепте бастауыш пәнінің мұғалімі болып істейтін әйел жарақаттан сол жерде жан тапсырды. Сота кінәсін толық мойындаған егде жастағы еркек енді 15 жылын түрмеде өткізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.