{metadescription}
Шу ауданында әйелді пәтерінде өлтіріп кеткен ер адам мен оның сыбайластары сотталды
Шу ауданында әйелді пәтерінде өлтіріп кеткен ер адам мен оның сыбайластары сотталды

Шу ауданында әйелді пәтерінде өлтіріп кеткен ер адам мен оның сыбайластары сотталды

Жамбыл облысында жалғызбасты әйелді өз пәтерінде айуандықпен өлтіріп кеткен күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Сондай-ақ, ауыр қылмысқа куә болып, оны жасырып қалуға тырысқан екеу де жазасын алды.

Қанды қылмыс былтыр Шу ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде болған. Туыстарымен байланысқа бірнеше күн шықпаған анасын Алматыдан іздеп келген ұлы оның жансыз денесін өз пәтерінен тапқан. 40 жастағы әйелдің денесі пәтерде бірнеше күн жатып қалған. Жедел іздестіруде күдікті қолға түсіп, тергеуге алынған. Кейіннен оның жанында тағы екі сыбайласы болғаны белгілі болды. 

Алина Райымбаева, Жамбыл облысы сотының баспасөз хатшысы:

А. ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Е. ҚР ҚК 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Л. ҚР ҚК 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.