{metadescription}
«Шетелде жұмыс». Әрқайсысы миллиондай төлеген 150 студент агенттікке алданып қалған
«Шетелде жұмыс». Әрқайсысы миллиондай төлеген 150 студент агенттікке алданып қалған

«Шетелде жұмыс». Әрқайсысы миллиондай төлеген 150 студент агенттікке алданып қалған

Шетелде жұмыс істеймін деп, сан соғып қалды. Еліміздің әр өңірінен жиналған 150-ден аса студент жұмысқа орналастырумен айналысатын агенттікке алдандық дейді. Әрқайсысы миллионға жуық ақша төлеген олар, өзге елде еңбек етпек түгілі, сол қаражатын қайтара алмай әлек. Шыдамы таусылғандар компания есігінің алдына бүгін тағы жиналды. Олардың шағымын КТК тілшісі тыңдап келді.

Студенттер жазғы демалысын тиімді өткізгісі келіп, жеті ай бұрын шетелге жұмысқа бару мақсатында компанияға ақша төлейді. 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі қаражатты көбі ата-анасының атынан бөліп төлеуге рәсімдепті. Келісім бойынша осыдан екі ай бұрын бұларға өзге елдерден шақырту келуі тиіс болған. Алайда сол күйі ешкім байланысқа шықпапты.

Сұлтан Мұхамеджан:

Бұл компанияның Инстаграм парақшасында 50 мыңдай оқырманы болғаннан кейін, көп деп ойлап, осы компанияны дұрыс деп қабылдап, бес адам болып бірден тіркелдік. Ол шартта жазылған ,31 мамырға дейін жұмыс офер келу керек еді. Бірақ 31 мамырға дейін келмеді. Келмеген жағдайда 100% қайтарамыз деген. Басында айтты, «біз Германиямен тікелей жұмыс істейміз» деп. Бірақ бас тарту келген кезде, мамырдың  оңына таман «біз қырғыз компаниясымен жұмыс істейміз» деп айтты.

«Алдандық» дегендердің саны бүгінде 150-ден асады. Басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкенттен. Студенттер дау басталғалы, компанияның кеңсесі үш рет ауысқанын айтады.

Нұрай Рахманбет:

Хабарға шықпады, телефон алмайды. Бізде DHL дейтін компания болды, логистикалық компания. Ол 14-те 96 еуро сағатына деді, салықты санамағанда. Негізі үш айға өзіміздің академиялық демалыс уақытымызға берілді және аптасына 12 сағат, бес күн жұмыс уақыты деп айтты. Енді өзіміздің ақшамыз болмағандықтан, бәріміз студентпіз, әке-шешеміздің ақшасын аламыз. Соны қайтарсақ деп едік.

Ал үш жылға жуық «азаматтарды шетелге жіберумен айналыстық» деген компания басшысы жұрттың ақшасын «қайтарудан қашпаймыз» деп отыр.  Ал мұндай келеңсіздіктің болуына шетелдік серіктестеріміз кінәлі дейді.

Мирас Оразғалиев, Job 2 day компаниясының директоры:

Шарт бойынша біз қаражатты қайтару міндеттемелерінен бас тартпаймыз. Біз оны орындауға келісеміз. Жалғыз мәселе — қаржыландыру жағынан қиындықтар болып тұр. Өйткені әр клиент үшін қырғызстандық серіктесімізге қызмет ақысы төленген болатын, біз оған бәрін аудардық.  Олар өз міндеттемелерін орындаудан бас тартты, яғни қаражатты қайтармай отыр. Қазір біз бұл мәселені шешіп жатырмыз.

Компания директоры түйткілді түгелімен шешуге үш айдан аса уақыт керек екенін айтты. Алайда шетелде жұмыс істеп, мол табыс тапқысы келгендер басшының бұл сөзіне сенген жоқ. Себебі, бүгінге дейін де осындай құрғақ уәделер берілген дейді. Сондықтан олар бірігіп полицияға арыз жазды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.