Алматыда талапқа сай емес қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылды
Алматыда 1400-ден астам қоғамдық көлік уақытша жұмысын тоқтатты. Өйткені жолаушы таситын автобустар экологиялық талаптарға сай келмейтін болып шыққан. Оларға айыппұл салынып, жағдайды қалпына келтіру үшін уақыт беріліпті.
Автор: Ақтоты Жұмабек
08.07.2026
Мамандар есепте тұрған 2500-ден астам автобустың түтінін тексерген. Оның 1 407-сі экологиялық талапқа сай келмей шығыпты. Оның ішінде 600-ге жуық автобуста газдан ауаға тарайтын зиян шекті нормадан асқан. Жүзге жуық қоғамдық көлікте катализатор атымен жоқ. Қала әкімдігі енді автобустарды талапқа сәйкестендіріп, қажетті құрылғымен жабдықтау жұмысын жүргізбек. Қоғамдық көліктерге экологиялық мониторинг әлі де жалғасып жатыр.
Әсел Райымбекова, Алматы қаласы жылжымалы экология зертханасының басшысы:
—2525 автобус тексеріліп, оның 1407 яғни нормадан тыс жоғары көрсеткіш көрсетті. "Эко Алматы" мекемесімен тексерілген атвобустар ары қарай ресми түрде департамент экология басқармасына жіберіліп, яғни ол департамент экология құзыреті бар мекеме болғандықтан, сонымен ол кісілер ары қарай қайта тексеру ашып ,яғни айыппұл салынды. Ары қарай автобус парктеріне автобусты қалпына келтіруге уақыт берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары