{metadescription}
Үндеу: Партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге тыйым салынады
Үндеу: Партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге тыйым салынады

Үндеу: Партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге тыйым салынады

Құрылтай сайлауының алдында Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады. Әсіресе партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынатынын ескертті.

Ережеге бағынбағандар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілген тиісті бапқа сәйкес жауапқа тартылады. Партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу кезеңі 23 шілдеге дейін жалғасады. Ал сайлауалды үгіт-насихат сол күні кешке басталып, 22 тамызда аяқталады. Бұл науқан басталғанша, кандидаттар мен саяси партиялардың, оларды қолдайтын тұлғалардың ойын-сауық, спорттық, қайырымдылық шараларды өткізуіне рұқсат жоқ деп мәлімдеді бақылаушы орган. Талап бұзылса, кандидат партиялық тізімнен аластатылады.

Жалпы онлайн платформалар мен БАҚ бетінде саяси ұйым мен оның атынан додаға қатысып жатқан кандидаттың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіруге болмайды. Осындай мәліметті таратқаны үшін әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

ҚР Бас прокуратурасы:

— Сайлаушыларға тауар тарату, ақша беру немесе уәде ету, жеңілдіктер ұсыну, қайырымдылық акцияларын өткізу және лотерея ұйымдастыру секілді жөнсіз үгіт түріне жол берілмейді. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік, ал сайлаушыларды сатып алу белгілері анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.