{metadescription}
«Әкесі құтқара алмады». Апалы-сіңлі отырған көлік суға сырғып кетіп, екеуі де көз жұмды
«Әкесі құтқара алмады». Апалы-сіңлі отырған көлік суға сырғып кетіп, екеуі де көз жұмды

«Әкесі құтқара алмады». Апалы-сіңлі отырған көлік суға сырғып кетіп, екеуі де көз жұмды

Ақмола облысында көлікпен суға батып кеткен екі қыздың өліміне қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қайғылы оқиға сенбі күні, Целиноград ауданындағы су басқан карьерлердің бірінде болған.

Отбасы су жағасына демалуға барғанда, 9 және 12 жастағы апалы-сіңлі киім ауыстырмақ болып, жағалауда тұрған көлікке мінген. Сол сәтте автомобиль өздігінен төменге қарай сырғып, суға құлаған. Балалардың әкесі қыздарын құтқаруға ұмтылғанымен, өкінішке қарай, еш нәтиже шықпады. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар судан машинаны алып шықты. Оның ішінен екі баланың денесі табылды. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Төтеншеліктер мұндай жағдай қауіпсіздік шарасын сақтамаудан болатынын айтады.

Ерсайын Қойшыбаев, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:

Шомылу маусымы басталғалы, Ақмола облысында 15 адам суға кеткен. Оның екеуі - бала. Барлық қайғылы жағдай суға түсуге рұқсат етілмеген жерде болған. Мыңға жуық рейд, алдын алу жұмысын жүргіздік. Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады. Ешқашан ішімдік ішкен күйі суға түспеңіздер. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.