Алматыда қатарласын қорлаған сәтін видеоға түсірген мектеп оқушылары ұсталды
Алматыда қатарласын аяусыз соққыға жығып, қорлаған сәтін видеоға түсірген мектеп оқушылары ұсталды. Әлеуметтік желіге тараған жазбадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаға қатысы бар жасөспірімнің бәрін тапқан.
Автор: Назерке Ержанқызы
20.07.2026
Видеода бір топ жасөспірімнің қатарласын ұрып-соғып, балағаттап жатқаны көрінеді. Кейін бұл жазбаны әлеуметтік желіге 14 жастағы қыз жариялаған. Құзырлы орган оларды көп ұзамай ұстады. Қазір «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Алдағы уақытта іс сотқа жолданбақ.
Алматы білім басқармасы зардап шеккен оқушыға медициналық және психологиялық қолдау көрсетіліп жатқанын хабарлады.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
— Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталды. Болған оқиғаның мән-жайы жан-жақты, толық, әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Тергеу Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары