Биыл мектеп жасындағы 450 мыңға жуық балаға 50 мың теңгеден беріледі
Биыл мектеп жасындағы 450 мыңға жуық баланың әрқайсысына 50 мың теңге қаржылай көмек беріледі.
Автор: Нұржол Жақсылық
31.07.2026
Жаңа оқу жылы қарсаңында олар мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен қолдау алады. Материалдық жәрдем 1 тамыз бен қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында бұл көмек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар секілді өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі. Білім министрлігі биылғы қаржы мөлшері былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 10 пайызға артық екенін айтады.
Толқын Исакова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі комитеті төрағасының орынбасары:
— Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден, шамамен, 23 млрд теңге қарастырылған. биыл әр балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері 50 851 теңге. Бұл ең төмен сома. Өңірлер жергілікті көмектің мүмкіндігіне қарай бұдан да жоғарғы мөлшерде көмек бере алады. Көмек алу үшін ата-ана немесе заңды өкіл қажет құжаттарды бала оқитын білім беру ұйымына тапсырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары