{metadescription}
БАӘ-де қайтыс болған апалы-сіңлінің ата-анасы қыздарының сүйегін елге әкеле алмай отыр
БАӘ-де қайтыс болған апалы-сіңлінің ата-анасы қыздарының сүйегін елге әкеле алмай отыр

БАӘ-де қайтыс болған апалы-сіңлінің ата-анасы қыздарының сүйегін елге әкеле алмай отыр

Күнкөріс қамымен Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласына аттанған туған апалы-сіңлілі қос бойжеткеннің ғұмыры қыршыннан қиылды. Астанаға тиіп тұрған Қосшы қаласы тұрғындарының қандай жағдайда қайтыс болғаны әзірге беймәлім. Белгілі болғаны, қыздар кері елге қайтуға құжат жинау үстінде болған. Марқұмдардың ата-анасы жат жерде қалған бойжеткендердің мәйітін елге әкеле алмай дал. Қара жамылған отбасымен КТК тілшісі тілдесіп қайтты.

Сәлем мама, бізде бәрі жақсы, салқын тиіп, тамағым ауырып тұр, кейінірек хабарласамын.

Бұл —  әпкелі-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыздың 18 тамыз күні ата-анасына жіберген соңғы хабарламасы. Соңғы дауыс жазбасы. Осыдан кейін арадағы байланыс үзілген. Дубайдың дәл іргесіндегі Шарджа қаласына сондағы бикештердің тырнағын бояп, сылқымдардың қасын әрлеуге кеткен қос бойжеткеннің жақындары араға екі күн салып дабыл қаға бастайды. Шарқ ұрып елшілікке хабарласады.

Меңсұлу Боханова, марқұмдардың әпкесі:

23 күні хабарласып, өкінішке қарай, екеуінің өлі денесі пәтерден табылды. Жаңа құжаттарымен солар екені расталды. Неден өлгенін, себебін білмейміз.

Келісті қыздарынан көз жазып тауы шағылған отбасыға елшілік жіберген жалғыз сурет. Қара есіктің артында қыздар тұрған жалдамалы пәтерде марқұмдардың мәйіті табылған. Содан бері Ақжан мен Жұлдыздың қандай жағдайда қайтыс болғанын айтып, ләм-мим деп жақ ашқан жан жоқ.

Мейрам Боханов, марқұмдардың әкесі:

Пәтерден екеуі табылды. Күдікті адам ұсталынды деді. Ал ол не болды, қалай болды, айтылмады. Екеуі кішкентай қыздар,  соншама не істеп қойды? Ұл бала болса, төбелесті дейді, ал енді екі қыз бала соншама не істеп қойды?! Мен соны білгім келеді. Неге ертерек хабарламады? Бір жұмадан кейін ...

Бірі мектебін алтын белгіге бітіріп, бірі домбыраның құлағында шебер ойнаған сіңлілерінің бұл өмірмен қош айтысқанына әпкесі сенбейді. Себебі, бұл қыздардың Шарджаға барып екінші мәрте жұмыс істеуі екен. Былтыр желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктеріне жол тартқан апалы-сіңлілердің кері қайтуына сол аймақтағы саяси аласапыран кедергі келтірген.

Меңсұлу Боханова, марқұмдардың әпкесі:

Өздері елге қайтқысы келді. Бәрі жақсы болды. Ешқандай қысым көрген жоқпын. Көңіл-күйінен де бірдеңе болғанын көрген жоқпын. Енді білмеймін, екеуіне бірдей қандай жағдай болуы мүмкін?!

Қара жамылған отбасының қазіргі жалғыз тілегі —  қыздарының денесін елге аман жеткізіп, туған елінде арулап жерлеу. Бірақ елшілікке елеңдеп дүбәра күйде жүрген Бохановтар отбасы сыртқы істер министрлігі тарапынан бір адам, ең болмаса, хабарласып, көмек қолын созбады деп налиды. Ал министрліктің айтқаны керағар. Ж»әрдем берілді, әмірліктегі құзіретті органдар қылмыстық іс қозғады» дейді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

— Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде, оның ішінде тиісті құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматтарының қаза болу мән-жайына қатысты Әмірліктердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесуде. ҚР СІМ қаза болғандардың отбасыларымен тұрақты байланыста және өз құзыреті шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетуде.

Қазіргі күйіп тұрған мәселе —  шамамен бір апта бұрын көз жұмған қыздар жайлы бір ақпар алу.

Бүгін арнайы сараптама жасап, туыстық қатынасын дәлелдеу мақсатында марқұмдардың әкесі Шарджа қаласына аттанбақ. Содан кейін ғана Ақжан мен Жұлдыздың денесін елге тасымалдау мәселесі шешіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.