«Кикілжіңге не түрткі?» Семейде 15 рет пышақталған оқушы аман қалғанымен, жағдайы ауыр
15 рет пышақ жарақатын алған оқушы аман қалды. Семейде 13 жастағы екі сыныптас бірін-бірі пышақтап тастады. Ауыр жараланған жасөспірім ауруханада жатыр. Оның туыстары баланың өкпесі мен бүйрегі қатты зақымдалғанын айтады. Кикілжіңге не түрткі болды?
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.09.2026
Бірін-бірі пышақтап тастады деген қос бала 9-шы сыныпта оқиды. Қазір біреуі үйінде ем-домделіп жатса, енді біреуі жансақтау бөлімінен бүгін шығарылды. 13 жастағы екі оқушы күреске бірге қатысып, дос та болған. Сол оқиға күні сабақтан кейін олар ат үйретпек болып, арты қырғынға ұласқан. Біреуі пышақ ала жүгірген көрінеді. Үсті-басы қанжоса болған бала әпкесінің үйіне қашып барған.
Ләззат Камзаева, Омардың әпкесі:
— Шамамен отасы 6 сағаттай болды. Дәрігердің бізге айтуы бойынша, 10-15 шақты жерден пышақтаған.. Біз арқасында ғана деп ойладық. Сөйтсек, жанбас жағында да бар. Ойнауға барамыз деп шақырғанан кейін, ойында ештеңе жоқ, бірге еріп барған. Ондай жағдай болатынын өзі де білмеген. Аяқ асты болды. «Қашып құтылдым» деді.
Бір-біріне пышақ жарақатын салған сыныптастар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер біреуінің денесіндегі тілінген жарақаты жеңіл болғанын айтады. Сондықтан оны үйіне емделуге жіберіпті. Ал қансырап қалған Омарға шұғыл ота жасалды. Қазір баланың беті бері қарағанымен, алған жарақаты ауыр.
Дулат Каримов, Семей медицина университеті госпиталінің педиатрия жөніндегі директорының орынбасары:
— Іш қуысына өткен пышақ жарақаты, оң жақ бүйрек паренхимасы мен үлкен шарбы зақымданған, іш қусына қан кетіп асқынған. Денесі мен аяқ-қолында көптеген пышақ жарақаты. І дережелі геморрагиялык шок. Қарқынды терапия бөлімшесінде шұғыл диагностикалық және емдік шара жургізілді. Төрт сағат бойы ота жасалды. Қазір баланың жағдайы тұрақты және балалар хирургиясы бөлімшесіне ауыстырылды.
Ал балалар білім алатын №52 мектеп басшылығы оқушылардың бойынан ерсі қылық байқалмағанын айтып отыр. «Екеуі де тәртіпті- тәрбиелі» деген мұғалімдер олрдың арасында төбелестің неден шыққанын түсінбей дал.
Гүлжан Сағымғали, №52 мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы:
— Екі бала да мектепте есепте немесе қалада есепте жоқ, ешқандай құқық бұзушылықпен тіркелмеген. Екеуі де бір сыныпта оқиды. Жақсы достар. Аяқ асты болған оқиғаны түсініспеуден болды деп естідік. Өйткені мектептен тыс, өз үйіне барып, одан шығып, түстен кейін болған оқиға.
Қазір полиция қылмыстық іс қозғады. Олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Сондай-ақ тергеу қортындысына сәйкес, бір-біріне пышақ сілтеген балалар есепке алынып, олардың ата.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары