{metadescription}
«Не болған?» Астанада биіктен секірген әйел екі жасар баланың үстіне түсіп, екеуі де көз жұмды
«Не болған?» Астанада биіктен секірген әйел екі жасар баланың үстіне түсіп, екеуі де көз жұмды

«Не болған?» Астанада биіктен секірген әйел екі жасар баланың үстіне түсіп, екеуі де көз жұмды

Астанада 15-қабаттан секірген әйел екі жасар баланың үстіне түсіп, екеуі де қаза тапқан қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды. Сұмдық жағдай «Сат Сити» тұрғын үй кешенінде орын алған. Өмірден баз кешкен келіншектің мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қаралы таңда не болды? Куәгерлер не дейді? Мәселенің мән-жайын КТК тілшісі анықтап көрді.

Астанада өткен сенбіде 27 жастағы әйел тұрғын үй кешенінің 15-қабатынан секіріп кеткен. Өз өзіне қол жұмсаған келіншек арбада жатқан екі жасар сәбидің үстіне түсіп, екеуі де оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Тұрғын үйдің таспасына тартылған бейнежазба бар. Келіншек қайғылы жағдай орын алмас бұрын таңғы сағат 4:36 кезінде артынып-тартынып, заттарын кезек-кезек пәтерге тасып жүр. Сосын 6:30-ға қарай дүкенге барып қайтқан. Одан кейін пәтерден шықпаған, дейді мүлік иелері бірлестігінің төрағасы.

Елдар Қасенов, МИБ төрағасы:

— Жалғыз өзі болды. Ешкім кірген жоқ. Ал не болғанын, қалай болғаны белгісіз. 10-нан жиырма кеткенде, бірінші көрші үйдің кісілері видеоға түсіріп алған, терезенің жағтауында отырғанын түсіріп алған, содан кейін ештеңеге үлгермей қалған.

Қарсыдағы үйдегі көршілердің айтуынша, сұмдық жағдай таңғы сағат он жарым шамасында болған. Биіктен құлдилаған әйел арбадағы сәбидің үстіне құлаған дауысынан шошып ояндық, дейді куәгерлер. 

Дарын Сәбенов, куәгер:

— Тарс еткен дыбыс естідік, артынша бір әйел айқайлады. «Көмектесіңдер» деп. Мен киініп сыртқа шыққанша, әйел көлікке мініп кетіп қалыпты. Онда тек қираған арба жатты. Жедел жәрдем де жылдам жетті. Тұрғындар 15 қабаттан секіріп қайтыс болған әйелдің бетін жауып жатты.

Тұрғын үйдің он бесінші қабатына көтеріліп, сол пәтерге барып көрдік. Есікке мөр басылған. Ал көршілер сол күні көрген-білгенін айтқысы келмеді. Зәре-құты қалмаған көрші-қолаң сыртқа шығуға қорқып, үрейленіп қалдық, деп отыр.

Төлеугүл Маханова:

— Қорқамыз, әрине, Бізде де егіздер бар, үнемі арбамен жүретінбіз. Мына жағдайдан соң, тіпті үрейленіп қалдық. Құдай басқа салмасын, сәбиінен айырылған отбасыға қайғыра көңіл айтамыз.

27 жастағы келіншектің өмірден баз кешіп 15-қабаттан секіруіне не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.