{metadescription}
Іздеуде жүрген The Finiko қаржы пирамидасының басшысы Түркиядан экстрадицияланды
Іздеуде жүрген The Finiko қаржы пирамидасының басшысы Түркиядан экстрадицияланды

Іздеуде жүрген The Finiko қаржы пирамидасының басшысы Түркиядан экстрадицияланды

Түркиядан The Finiko қаржы пирамидасының басшысы елге қайтарылды. Төрт жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті ақыры қолға түсті.

Құзырлы орган бұл ұйымның инвестициялық қызметпен айналыспағанын анықтаған. Қаржы пирамидасы бұрынғы салымшыларға жаңа келгендердің ақшасын үлестіру арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған. Шығын көлемі 160 миллион теңгеден асады.

Айта кетейік, бұған дейін осы іс бойынша өзге үш сотталушының мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

— ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Интерполдың ұлттық бюросымен бірлесе отырып, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген The Finiko мүшесін Түркиядан елге қайтарды. Сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 миллион теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде