{metadescription}
Kaspi.kz-тегі Magnum әр үйге бір жылда 14 миллионға жуық тапсырыс жеткізген
Kaspi.kz-тегі Magnum әр үйге бір жылда 14 миллионға жуық тапсырыс жеткізген

Kaspi.kz-тегі Magnum әр үйге бір жылда 14 миллионға жуық тапсырыс жеткізген

Ай сайын миллионнан аса қазақстандық азық-түлікті үйіне жеткізуді тікелей — Kaspi.kz қосымшасындағы Magnum онлайн-супермаркетіне тапсырады. Әр тапсырыстың артында еліміздің түкпір-түкпіріндегі фермерлер мен өндірушілердің еңбегі тұр. Бұл қалай жұмыс істейді?

Magnum онлайн-супермаркетінің ассортиментіндегі әр төрт тауардың үшеуі Қазақстанда өндірілген. Kaspi.kz қосымшасындағы Magnum арқылы отандық өндірушілер миллиондаған тапсырыс алып, сатылым көлемін арттырып, кәсібін дамытуға мүмкіндік алып отыр.

Алматы облысындағы 30 гектар алқапта фермер Қанат Сүлейменов қарбыз, қауын өсіреді. Биыл ол 15 сұрып егіп, жүздеген тонна өнім жинаған. Кез келген фермердің басты міндетінің бірі – мол әрі сапалы өнім өсіру, оған сатып алушы табу.

Қанат Сүлейменов, бақша шаруашылығының иесі:

— «Магнуммен» істегеніме биыл үшінші жыл болады. Өнімімді жақсы алады. Тауарды, ең бірінші, көлеміне қарап алады, ал аздау болса, айтпаймын да, ертең көтере алмай қалсам, ұят болады.

 

Magnum онлайн-супермаркетімен жұмыс істейтін мұндай жеткізушілер көп. Күн сайын еліміздің әр өңіріндегі логистика орталықтарына қазақстандық фермерлер мен өндірушілердің көкөнісі, жеміс-жидегі және басқа да тауарлары жеткізіледі. Жергілікті өндірушінің өнімі сатып алушыға жеткенше, бірнеше кезеңнен өтеді: тауар қабылдау, тексеру, тиісті жағдайда сақтау, тапсырысты жылдам жинақтау және клиентке жеткізу қажет.

Мирас Чавенов, тауар қабылдау аймағының операторы:

— Құрылғы арқылы тауарды сканерлеп боламыз, сканерлеп болған нан кейін сапасына қараймыз. Сыртқы қапталуына және де оның сақтау мерзімін тексереміз.

 

Өнім сапа бақылауынан өткізіліп, сосын сақтауға жіберіледі. Жарамдылық мерзімі, қаптаманың жағдайы және сақтау температурасы қатаң бақыланады. Клиент Kaspi.kz-тегі Magnum дүкенінен тапсырыс берген сәтте ақпарат бірден қоймаға түсіп, тапсырысты жинау басталады.

 

Тағы бір қазақстандық өндіруші – GoGreen. Мұнда көк шөп жыл бойы өсіріліп, жылына 70 тонна өнім шығарылады. GoGreen өз өнімінің үштен бір бөлігін Magnum арқылы сатады.

 

Төлеген Ілиясов, GoGreen агрономы:

— «Магнум» дүкені арқылы өніміміздің 30 пайызысатылып жатыр. «Магнум» арқылы өнімдерімізді жақынырақ таниды және тұтынушыға уақтысында жеткізеді, тұтынушыға өте ыңғайлы. Бұл біздің Қазақстан өндірушілеріне өте тиімді деп ойлаймын.

Magnum-ның өз өндірісінен шығатын өнімдері де бар. Мұнда күн сайын, шамамен, 10 тонна дайын өнім өндіріледі.

Сағыныш Түбекбаев, наубайхана бригадирі:

— Наубайханамызда 9500-дей нан шығарамыз, сапасы өте жақсы, сатып алушымызға, бәріне қолайлы.

Алуа Сабыржанова – төрт баланың анасы. Ол отбасына қажет азық-түлікті Kaspi.kz-тегі Magnum дүкенінен тұрақты түрде тапсырыс береді.

— Өзім ауыр заттарды көтеріп әуре болмаймын, өте ыңғайлы. Курьер жеткізіп береді, мен үйге кіргізіп аламын, болды. Сол үшін Magnum-ға көп рақмет!

Бүгінде Kaspi.kz-тегі Magnum – Қазақстандағы ең ірі онлайн-супермаркет. Бір жылдың ішінде 14 миллионға жуық тапсырыс жеткізілген. Компанияда Қазақстанның алты қаласы – Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Өскеменде 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Логистикасы одан әрі кеңейіп келеді. Алдағы уақытта тағы төрт логистикалық орталық ашу жоспарланған. Олардың қатарында Атырау мен Павлодар да бар. Қазақстандық фермерлер үшін бұл – өнімін өткізіп, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік. Ал сатып алушылар Kaspi.kz қосымшасы арқылы отандық өндірушілердің азық-түлігіне тапсырыс беріп, оны үйіне дейін жеткізе алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.