{metadescription}
Шымкентте құбырдан мұнай ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды

Шымкентте құбырдан мұнай ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды

ОҚО бойынша ҰҚК департаменті прокуратурамен бірлесіп 12 адамнан құралған қылмыстық топтың әрекеттерін әшкереледі. Қылмыстық топ «Казтрансойл» АҚ «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан мұнай ұрлап келген.

ОҚО-ның әр аудандарында мұнай құбырын ойып келген қылмыстық топтың құрамында мұнай құбырын күзетуді қамтамасыз ететін «КМГ» Секьюрити» ЖШС-нің қызметкерлері бар. Оларға құбырды заңсыз ойды деген 10 фактіге қатысты айып тағылды. Жүздеген тонна мұнай қолды болған. Сондай-ақ, заңға қайшы әрекеттердің нәтижесінде мұнай құбырына едәуір зақым келген. Оны қалпына келтіру үшін ондаған миллион теңге қажет.

Белгілі болғаны, ұрланған мұнай облыстағы және Шымкент қаласындағы асфальт , битум зауыттарының өкілдеріне өткізіліп келген. Және көрші аймақтарға қайта өңдеуге жөнелтіліп, кейін контрабанда ҚР шекарасынан асырылып отырған.

2017 жылдың 22 қарашасында күш құрылымдарының жүргізген жедел операциясы барысында қылмыстық топтың 10 мүшесі құрықталып, құбырды ойып келген құралдар мен жартылай тіркелгіш-цистерналы автомашина тәркіленді.

Фото: tvk-uko.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.