{metadescription}
БАҚ: Аргентинада жоғалып кеткен «Сан-Хуан» сүңгуір қайығының оттегісі таусылуға жақын

БАҚ: Аргентинада жоғалып кеткен «Сан-Хуан» сүңгуір қайығының оттегісі таусылуға жақын

Аргентинада өткен аптада жоғалып кеткен «Сан-Хуан» сүңгуір қайығы әлі табылар емес. Қазір іздестіру жұмыстарына әлемнің 10 елінен 4 мыңға жуық адам тартылған. Олардың жұмыстарын қатты нөсер жауын мен толқындар қиындатып отырған көрінеді. Мамандар қайықтың бортындағы оттегі таусылуға жақын қалды деп дабыл қағуда. Өйткені төтенше жағдайда қайық су бетіне жүзіп шықпаса, оттегі небәрі 10 тәулікке ғана жетеді екен.

Естеріңізге сала кетейік, Аргентинаның әскери-теңіз күштеріне тиесілі «Сан-Хуан» сүңгуір қайығынан 15 қараша күні байланыс үзілген болатын. Оқыс оқиға кезінде Исла Гранде аралынан базаға қайтып келе жатқан су көлігінде бортыдан 44 экипаж мүшесі болған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде