{metadescription}
СПОРТ: ПСЖ футбол клубы Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

СПОРТ: ПСЖ футбол клубы Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Париждің ПСЖ футбол клубы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде голдар саны бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Унай Эмери жаттықтыратын команда топтағы бес ойында 24 гол соғып Чемпиондар лигасының тарихына өзгеріс енгізді. 

Париждік команда IV турдан кейін-ақ Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Шотландияның "Селтик" командасын 7:1 есебімен ойсырата ұтқан ПСЖ командасының тағы да рекордын жаңарта түсуіне мүмкіндіктері бар. Олар соңғы турда Мюнхенде "Баварияға" қарсы ойнайтын болады. Ал осыған дейін топтық кезеңдегі голдар саны бойынша рекорд Дортмундтың "Боруссия" клубына тиесілі еді. Олар 2016/2017 жылғы маусымда 21 гол соққан.

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде