{metadescription}
БАҚ: Папуа – Жаңа Гвинеяда 400-ден аса босқын Манус аралынан кетуге келіспей жатыр

БАҚ: Папуа – Жаңа Гвинеяда 400-ден аса босқын Манус аралынан кетуге келіспей жатыр

Папуа – Жаңа Гвинея полицейлерінің Манус аралындағы босқындарды лагерьден күштеп қуып шықпақ болған операциялары сәтсіз аяқталды. Өйткені жұрт аралдан басқа жаққа көшуге үзілді-кесілді қарсылық танытқан. 

Негізі Манус аралындағы лагерьді 2012 жылы Аустралия билігі ашқан болатын. Олар заңсыз жолмен келген мигранттарды ел аумағында қалдырмай бірден Манус аралына жіберіп отырған. Ел билігі ондағы жағдайдың сұмдық екенін айтып, Аустралия билігінің әрекетін әшкерелген. Ақыры бір ай бұрын аты шулы лагер жабылып, босқындар басқа жаққа көшірілген. Алайда 400-ден аса босқын аралдан кетуге қарсылық танытып отыр.

Видео: Reuters Media Exspress (YouTube)

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде