{metadescription}
Елімізде автокөлікті тіркеу ережелері өзгерді

Елімізде автокөлікті тіркеу ережелері өзгерді

Бүгін, яғни 27 қарашадан бастап Қазақстанда көлік түрлерін тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізілді.

ҚР ІІМ мәліметіне сәйкес, ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және тіркеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бастапқы тіркеу кезінде ҚР аумағында өндірушінің ресми дилері (өкілі) көлік құралын сатып алған кезде көлік құралын беру туралы міндетті талаптар, сондай-ақ көлiк құралы иесiнiң аты-жөні өзгерген жағдайда (мысалы, некеге отырып немесе ажырасып тегін өзгерткенде, ұлттық дәстүрлерге сәйкес аты-жөнін өзгерткенде, тегін ауыстырғанда) көлiк құралын тіркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын қайтарып, көлік құралын қайта жабдықтағаннан төлқұжатын ауыстырады.

Бұдан басқа, соңғы өзгерістерге сәйкес автокөлік иелері сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірін алған кезде (мысалы 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009,100,111, 200, 222, 300, 333, 400, 444 , 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999) енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік баж салығы ұлғаятын үш бірдей хаттарды қоспағанда, әріптер комбинациясын таңдай алады.
Сондай-ақ, ІІМ интернет арқылы онлайн-қызмет көрсетуді жасап жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде