{metadescription}
Үндістан чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды

Үндістан чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды

Үндістанның Гувахати қаласында өткен жастардың бокстан әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды.

Арайлым Бекділдә 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі додада әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Ақтық додада 17 жасар қазақстандық боксшының қарсыласы Ресей чемпионы Анастасия Рыбак болды. Бірінші раундта жолын берген Арайлым кейін шаршы алаңда басым түсіп, 4: 1 есебімен жеңіске жетті.
Ұсынылған видеода қазақстандық спортшыларды марапаттау кезінде 2009 жылға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының әнұранын естуге болады.

Источник видео: Amateur Boxing Europe/Asia/USA (YouTube)

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.