{metadescription}
ОҚО-да тойдан келе жатқан шағын автобус жүк көлігіне соғылды

ОҚО-да тойдан келе жатқан шағын автобус жүк көлігіне соғылды

ОҚО-да жол апатынан 7 адам жарақат алып, 36 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

27 қараша күні Алматы-Термез тас жолында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Түн ортасында үйлену тойынан қайтып келе жатқан 33 жастағы «Старекс» шағын автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай «Камаз» көлігінің артқы тіркелгішіне соғылды. 
7 және 13 жастағы екі баланы қоса алғанда, шағын автобустардың жүргізушісі мен 7 жолаушысы облыстық клиникалық ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі - 36 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды. 
ҚР ҚК 345-бабының 3 тарауы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану» бойынша іс тіркелді. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: TVK-UKO.KZ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.