{metadescription}
1 желтоқсанға «Астана Опера» керемет бағдарлама дайындады

1 желтоқсанға «Астана Опера» керемет бағдарлама дайындады

1 желтоқсанда «Астана Опера» театрында Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел-тірегі - Елбасы!» мерекелік концерті өтеді. 

Музыкалық кешке Майра Мұхаметқызы, Салтанат Ахметова, Жанат Шыбықбаев, Мәдина Басбаева, Әйгерім Бекетаева және басқа да қазақстандық опера және балет жұлдыздары қатысады. Музыкалық жарқын декорациялық қойылымдар, ұлттық және батыс еуропалық ариялар балеттік номерлерге ұласатын симфониялық оркестрдің қатысуымен үлкен бағдарлама дайындалды. 

Сондай-ақ, мерекелік концертті Айтыс сахнасы ашып, М.Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсының мереке биі көрініс алмақ. Ж.Бизенің «Кармен» операсынан ария және патриоттық сезімді көтеретін Отанға арналған әндер орындалады. Көрермендерге А. Хачатурянның «Гаянэ», Л. Минкустың «Дон Кихот», «Баядерка», П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы сұлу» балеттерінен үзінділер ұсынылады. 
 
Кеш соңында Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Жерім менің» әні орындалады.

Фото: «Астана Опера» баспасөз қызметі

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде