{metadescription}
Елімізде гауһар тасты монета жарыққа шығады

Елімізде гауһар тасты монета жарыққа шығады

ҚР Ұлттық Банкі 2017 жылғы 29 қарашада номиналы 500 теңгелік «Дала қазыналары» сериясынан «Домбыра» ескерткіш күміс монеталарын айналымға шығарады. 

 
Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлікте халық музыкалық аспап - домбыра бейнеленген. Оң жақ бөлікте монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» деген жазу және монета дайындалған металды, оның үлгісі мен салмағын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу бар. Шеңберінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» мемлекеттік тілде және «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» орыс тілінде жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) тау бөктерінде домбыра шертіп отырған кескін, дала, қоныс, тұлпар, домбыраға арналған музыкалық шығарманың ноталар бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде «ДОМБЫРА» және монетаның соғылған жылын білдіретін «2017» деген жазу бар. Төменгі жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Монета гауһар таспен көмкерілген. Түсіне алтын жалатылған. 

Монетаның бет жағында және артқы жағында бейнелер бедерленген, шеңбер бойымен көрнекті қыры бар. Бүйір беті (гурт) кедір-бұдырланған. Монеталар 925 күмістен, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, өнімнің сапасы - «proof», тиражы - 3 мың дана. Диаметрі 1 миллиметр болатын бір гауһар тас бар. 

Ескерткіш монеталар «ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайында» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жасалды. Монеталардың дизайны ҚР Президентінің 25.09.09 ж. № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталарын құрастыру тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Фото: ҚР Ұлттық Банкі

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.