{metadescription}
Мал жайылымдарын жеке және заңды тұлғаларға жалға беруге тыйым салынбақ

Мал жайылымдарын жеке және заңды тұлғаларға жалға беруге тыйым салынбақ

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ауыл маңындағы жайылым алаңдарын айқындайтынын мәлім етті. 

«Елді мекендердің маңында жайылым алаңдарын айқындайтын норма көзделуде. Айқындалған жайылымдарды еліміздің жеке және заңды тұлғаларына жалға беруге тыйым салынатын болады. Ауыл маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткен, сондықтан әкімдіктерге ол жерді қайтару үшін мемлекеттік мұқтажға жатқызу құқығы беріліп отыр», - деді А. Мырзахметов. 

Заң жобасымен Жер және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстеріне, «Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңдарға түзетулер енгізіледі. 
Заң жобасының кейбір нормалары республикалық бюджеттің шығыстарының ұлғайтады, олардың барлығы РБК да қаралып, қолдау тапты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде