{metadescription}
10 қабатты үйдің шатырына шыққан 10 жасар бала құтқарылды

10 қабатты үйдің шатырына шыққан 10 жасар бала құтқарылды

10 қабатты үйдің шатырына шығып алған баланы ШҚО құтқарушылары құтқарды.

Бұл туралы ШҚО ТЖД Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.

 5 желтоқсан күні 17 сағат 14 минутта «112» нөміріне хабарласқан  тұрғындар Докучаев көшесіндегі 10 қабатты үйдің шатырында баланың тұрғанын хабарлады. Ақпарат түскен сәтте-ақ, Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің Семей қаласындағы №2 жасағының құтқарушылар бригадасы оқиға орнына аттанған.  

Оқиға орнында құтқарушылар, полицейлер мен пәтер иелері кооперативінің (ПИК) қызметкері шатырға шығатын есікті кілтпен ашып, баланы төмен түсіріп алған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 2007 жылы туған баланың психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрғаны анықталды. Баланың өзі жер үйде тұрады. 10 қабатты үйдің шатырына шығатын барлық есіктер жабық болған. Оның жоғары қалай шыққаны белгісіз. Баланың сөйлеуде кемістігі бар.

ПИК қызметкерлерінің бірі шатырға шыққанда, бала да соңынан еріп, сонда қалып қойған болуы мүмкін. Құтқарушылар ата-аналардан өз балаларына жіті қарауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолға алуды сұрайды.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде