{metadescription}
16 желтоқсанда Алматыда бірқатар көше тақталары өзгертіледі

16 желтоқсанда Алматыда бірқатар көше тақталары өзгертіледі

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Роза Бағланова атындағы көшелердің тақталарын өзгерту 16 желтоқсанға белгіленді, - деп хабарлады Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.   

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігі күні Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 160 үй мен 33 заңды ұйымның тақталары ауыстырылады.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшеде 115 тұрғын үй мен 11 заңды ұйым тақталары өзгереді.

Роза Бағланова атындағы көшеде 136 тұрғын үйдің тақтасы жаңарады. Талғат Бигелдинов атындағы көшеде 24 үйдің тақтасы ауыстырылады.

«Көше тақталарын өзгерту республикалық, облыстық, аудандық мәні бар қалалар, астана, ауыл және басқа да елді мекендер рәсімдеудің бірыңғай стандарты бойынша жүзеге асырылады», - деді Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасынан.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде