{metadescription}
АрселорМиттал Теміртау» басшылығы мен кәсіподақ арасында келіссөз басталды

АрселорМиттал Теміртау» басшылығы мен кәсіподақ арасында келіссөз басталды

11-ші желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің төрт шахтасының жұмыскерлер тобы ауысым аяқталған соң жұмыс орындарынан кетуден бас тартқан болатын.

Бүгін Қарағанды облысы әкімдігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

2017-ші жылдың 11-ші желтоқсанында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің төрт шахтасының жұмыскерлер тобы ауысым аяқталған соң жұмыс орындарынан кетуден бас тартқан болатын. Компания басшылығы мен жұмыскерлердің мүддесін ортаға салатын «Қорғау» көмір кеншілері кәсіподағының арасында еңбек заңнамасы шеңберінде келіссөз басталды.

«Қарағанды облысы әкімдігі жағдайды бақылап отыр. Басқа шахталар штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда», дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, жақында WhatsApp мессенджерінде ереуіл ұйымдастыруға қатысты келіссөздер жүргізілген. Шахтинск тұрғындарының көпшілігі  бірнеше адамның ереуіл жоспарлағанын және кеншілерді 11-желтоқсанда түнгі ауысымнан соң шахтадан жоғарыға шықпай, қалған кеншілер олардың іс-әрекеттерін қолдасын деген хабарлама таратылған.  «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы бұл акцияны заңсыз деп санайды, себебі кәсіподақ  хабардар етілмеген.

 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.