{metadescription}
Сауд Арабиясында 35 жылдан кейін қайтадан кинотеатр ашылмақ

Сауд Арабиясында 35 жылдан кейін қайтадан кинотеатр ашылмақ

Сауд Арабиясы билігі 2018 жылдың наурыз айында елде қайтадан қоғамдық кинотеатрлар ашатыны туралы жариялады.  

Бұл елде  кинотеатрға 1980-жылдардың басында тыйым салынған болатын.

«Аудиовизуалды БАҚ  бойынша негізгі комиссия кинотеатр ашуға  лицензия бере бастады» - деді Сауд Арабия Мәдениет және ақпарат министрі Аввада бен Салех Аввада.

Бұл туралы National порталы хабарлады.

«Кинотеатрлардың ашылуы экономикалық өсу мен әртараптандыруға ықпал етеді. Мәдениет секторын кеңейте отырып, біз жұмысқа орналасу мен оқытуда жаңа мүмкіндіктер жасаймыз және көңіл көтеру көлемін кеңейтеміз» - де жазылған министр мәлімдемесінде.

Бұл қадам Король ханзадасы Мохаммед бен Салманның кең ауқымды экономикалық және әлеуметтік реформаларының бір бөлігі болмақ. Атап айтқанда, «Келешек 2030»   тұжырымдамасының аясында 2018 жылдан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге және  спорттық іс-шараларға қатысуға рұқсат беріледі.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде