{metadescription}
Қайрат Мәми Конституциялық кеңестің төрағасы болып тағайындалды

Қайрат Мәми Конституциялық кеңестің төрағасы болып тағайындалды

Қайрат Мәми Конституциялық кеңестің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Конституциялық Кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Рогов қызметінен босатылды. ҚР Конституциялық кеңесі Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұжымдық органы. Ол 7 мүшеден тұрады. Конституциялық кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент, екі мүше тиісінше Сенат пен Мәжіліс 6 жыл мерзімге тағайындайды.

2009-2011 жылдар аралығында Қайрат Мәми Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болды. 2010 жылғы 7 мамырда оған Мемлекеттік класс әділет кеңесшісі атағы берілді. 2011 жылғы 15 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрсұлтан Назарбаев президенттің квотасы бойынша Сенаттың депутаты болып тағайындалды және сол күні ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2013 жылдың 16 қазанында ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы болып тағайындалды.

11 желтоқсанда Жоғарғы Сот төрағасы болып Жақып Асанов тағайындалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.