{metadescription}
ВИДЕО: Нью-Йорктегі жарылысты Бангладеш тумасының жасағаны анықталды

ВИДЕО: Нью-Йорктегі жарылысты Бангладеш тумасының жасағаны анықталды

Полиция оқиғаны террорлық акт деп таныды. Бангладеш тумасының Нью-Йоркте жарылыс жасауына атышулы террорлық топтың ықпалы болуы мүмкін. Болжам бойынша оның мұндай әрекетке баруына «Ирак пен Леванттың лаңкестік тобымен» байланыстырады.

Полицияның хабарлауынша, Бангладеш тумасы Акайед Улла АҚШ-қа 7 жыл бұрын келген және сол уақыттан бері Бруклин ауданында тұрған.

Тәртіп сақшылары оның баспанасын тінтіп, жарылғышты қолдан жасағанын анықтаған.

Американдық құқық қорғаушылар Бангладештегі әріптестерімен байланысқа шығып,  Акайед Улла туралы зертеу жүргізген. Алайда жас  жігіттің өз елінде ешқандай қылмысқа қатысы жоқ болып шықты.

Айта кетейік, полиция Нью-Йорктің Манхэттон ауданында болған бұл оқиғадан кейін бір адамды қолға түсірген. Жергілікті ақпарат құралдары жарылғыштың жер астында жарылғаны туарлы хабар таратты. Күдіктінің бекетке өзімен бірге алып кірген жарылғышы уақытынан бұрын жарылған. Күдіктімен бірге 4 адам жараланған.

Видео: Euronews.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде