{metadescription}
Бүгін халықаралық «Алматы-Астана-Қазан» пойызы жолға шықты

Бүгін халықаралық «Алматы-Астана-Қазан» пойызы жолға шықты

Алматы-2 вокзалынан «Алматы-Астана-Қазан» халықаралық пойызы сапарға шықты, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Бұрын бұл пойыз «Алматы-Екатеринбург» бағыты бойынша қатынаса, енді «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» РҚБ-нің өтінішінен соң Қазан қаласына дейін ұзартылды.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының, «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресінің» өкілдері мен теміржол саласының ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиынға қатысушылардың алдында «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президенті Едіге Мыханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Марат Дәрібаев сөз сөйледі.

Барлық мемлекетаралық пойыздарға жасалатын жеңілдіктер бар. Бұл дегеніміз,  2018 жылдың аяғына дейін жолаушылар ертерек билет сатып алса, 15-55 пайыз жеңілдік болады. 

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде