{metadescription}
Алматыда автобус жүргізушісі жолда отырған адамды басып кетті

Алматыда автобус жүргізушісі жолда отырған адамды басып кетті

Алматыда №81 бағыттағы автобус жүргізушісі көшенің қақ ортасында отырған ер адамды қағып кетті. Ер адам алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қөз жұмды.

Қайғылы жағдай Қабанбай батыр және Қарасай батыр көшелерінің арасында Гагарин көшесінде солтүстік бағытта болған. Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол Гагарин көшесімен келе жатқан, ал 30-35 жас арасындағы ер адам жолдың ортасында отырған. Қоғамдық көлік жүргізушісі қараңғыда адамды бірден байқай қоймағанын және тежеуішті басқан кезде бәрі кеш болғанын айтып, сендіруде.

Марқұмның құжаты жоқ болып шықты. Оқиғаның мән-жайын полициясы тексеруде. 

Фото: Kazinform

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде