{metadescription}
«Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпаздары белгілі болды

«Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Астанада жас әдебиетшілерге арналған дәстүрлі «Алтын тобылғы» шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жалпы жүлде қоры 5,5 миллион теңгені құрайтын бұл беделді байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры биыл үшінші рет ұйымдастырып отыр.

 «Алтын тобылғы» байқауы Қазақстанның жас таланттарына қолдау білдіруге бағытталған және осындай байқаулар арқылы жас ақындар мен прозаиктердің, жас драматургтердің есімі елге танылып, қазіргі заманғы әдебиеттен лайықты орын алуда.

Бұған дейін 2015-2016 жылғы үздік шығармаларды іріктеп, жинақ етіп шығарған болатынбыз. Бүгін 2017 жылдың үздік әдебиетшілеріне жол ашып отырмыз», - деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жүнісов «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде.

Ережеге сәйкес, байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған туындылар келіп түсті және оларға Нұрлан Оразалин бастаған еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистері қазылық етті.

 Қазылар алқасының шешімімен «Үздік проза» номинациясы бойынша «Алтын Тобылғы» сыйлығы мен 1 миллион теңге сыйақы жазушы, журналист Бейбіт Сарыбайға берілді.

«Үздік поэзия» номинациясы бойынша - Мерей Қарт пен Ұларбек Нұрғалым үздік деп танылды және әрқайсысына 750 мың теңгеден ақшалай жүлде табысталды.

«Балаларға арналған үздік шығарма» санатында Айсұлу Әлмаш пен Зәуре Төреханова «Алтын тобылғы» сыйлығымен және 750 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

Өкінішке орай, «Үздік драматургия» номинациясы бойынша биыл байқау талаптарына сай келетін жұмыс түспеген.

Сонымен қатар, биыл ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мақсаттарды жүзеге асыруға арналған «Туған ел» арнайы тақырыптық номинациясы жарияланған еді.

Аталған номинация мен 1,5 миллион теңге көлеміндегі қомақты жүлдені жас ақын Мақпал Мыса жеңіп алды.

Айта кетейік, еліміздің шығармашыл жастарына қолдау білдіруге арналған «Алтын тобылғы» байқауы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатысып, қомақты ақшалай жүлдеге ие бола алады.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде